Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді

Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп  өзгертілді

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 5 шілдеде Астанадағы Бас республикалық мешіттің енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

Жаңа атау елорда күні қарсаңында жарияланды. Айта кетейік, 6 шілде күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Діни басқарманың мәліметінше, мешіттің жаңа атауы ресми түрде қолданысқа енгізілген.

Бас республикалық мешіттің құрылысы 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. Сол жылы ол құрылыс нысанының іргетасына алғашқы тасты қалаған болатын. Бұл мешіт Орталық Азиядағы ең ірі мешіт саналады. Оның салтанатты ашылу рәсімі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2022 жылғы 12 тамызда өткен.

2025 жылдың жазында Нұрсұлтан Назарбаев аталған мешітке барып, елдегі бейбітшілік үшін дұға жасап, жиналған қауым алдында сөз сөйлеген еді. Бұл туралы жаңалық сол кезде көпшілік тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, ең көп оқылған материалдардың біріне айналған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика