Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    Алматыда егіз босанған ана перзентханада көз жұмды

    Алматыда  егіз босанған ана перзентханада көз жұмды

    Фото: Видеодан скрин

    Алматы облысында 40 жастағы Қарлығаш Отарбаева егіз қыздарды кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелгеннен кейін перзентханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Марқұмның туыстары әйелдің денсаулығында бұған дейін ешқандай мәселе болмағанын айтып, оның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді. Сондай-ақ олар кесарь тілігі өз келісімінсіз жасалғанын алға тартуда.

    Ал Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы жүкті әйелдің ауыр жағдайда түскенін, жоғары қан қысымы мен мерзімінен бұрын босану қаупіне байланысты шұғыл ота оның келісімімен жасалғанын мәлімдеді. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өткен, алайда кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, алдын ала диагноз бойынша өкпе артериясының тромбоэмболиясынан көз жұмған.

    Қазір аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Дүниеге келген егіз қыздар дәрігерлердің бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →