Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты •

    Көкшетауда жолдың сиқы қашып, автобустар қатынаудан бас тартты

    Көкшетауда жолдың сиқы қашып, автобустар қатынаудан бас тартты

    Көкшетауда жолдың тым нашарлығынан қоғамдық көліктер Зеренді саяжайларына баруды тоқтатты. Енді тұрғындар, оның ішінде кішкентай балалары бар аналар мен қарттар, ауыр сөмкелерін асынып, полиция бекетінен кейін ұзақ жолды жаяу жүруге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бұл жағдайды қаржының жоқтығымен ақтап, орташа жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгенін айтады. Әкімдік жолдың бұзылуын жауын-шашынға жауып, күн ашылғанда тек тегістеу жұмыстарын жүргізуді уәде етіп отыр.

    Марат Ахметжанов бастаған Ақмола облысының әкімдігі мен қала басшысы Әнуар Күмпекеев халықтың бұл базалық мұқтаждығын шешуге қауқарсыз болып шықты. Жыл сайын бюджеттен миллиардтар бөлінгенімен, қарапайым халықтың балшық кешіп, жаяу сандалып жүргені аймақ билігінің жұмысына нақты баға болса керек.

    Видео: halyqpress.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →