Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    Қырғызстан өнімдерінен зиянкестер табылды: 2 тоннадан астам алхоры мен шие кері қайтарылды

    Қырғызстан өнімдерінен зиянкестер табылды: 2 тоннадан астам алхоры мен шие кері қайтарылды

    Фото: gov.kz

    Жамбыл облысындағы шекара бекетінде карантиндік зиянкестермен залалданған жеміс-жидектерді елімізге кіргізу әрекетіне тосқауыл қойылды.

    Қауіпті өнімдер «Қордай» автомобиль өткізу бекетінде жүргізілген фитосанитариялық бақылау кезінде анықталды. Қырғыз Республикасынан келген жүк көліктерін тексеру барысында мынадай ерекше қауіпті карантиндік нысандар табылды:

    • 800 келі жаңа піскен алхорыдан — Комсток сымыры.
    • 1 450 келі шие жемісінен — Азиялық жеміс шыбыны.

    Мамандардың айтуынша, бұл зиянкестер отандық ауыл шаруашылығына, әсіресе бау-бақша кәсіпкерлігіне орасан зор қауіп төндіреді. Егер олар ел аумағына таралып кетсе, жеміс дақылдарын жаппай зақымдап, үлкен шығынға әкелуі мүмкін еді.

    Фитосанитариялық инспекцияның шешімімен залалданған 2 тоннадан астам өнім қауіпті деп танылып, Қырғызстанға кері қайтарылды. Ал тауарды тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

    Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарада фитосанитариялық бақылау шаралары күшейтілген режимде жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →