Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты •

    Ақтаулық әйел сұлулық жолында құрбан бола жаздады

    Ақтаулық әйел сұлулық жолында құрбан бола жаздады

    Фото: видеодан скрин

    Ақтау қаласының тұрғыны Камила Нұржан жекеменшік клиникада липосакция жасатқаннан кейін ауыр іріңді қабынуға ұшырап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір оған ота жасалып, дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеп.

    Жәбірленушінің айтуынша, операциядан кейін денсаулығы күрт нашарлаған. Алайда клиника өкілдері өз кінәсін мойындамай, асқынуды әйел ағзасының процедураға берген жеке реакциясымен байланыстырған.

    Мұнымен келіспеген Камила Нұржан құзырлы мемлекеттік органдарға ресми шағым түсіріп, медициналық мекеменің қызметіне жан-жақты тексеру жүргізуді талап етті.

    Ол шағымында клиниканың заңды қызметі, лицензиялары мен рұқсат құжаттарының болуы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тексерілуі тиіс екенін көрсеткен. Сонымен қатар операция алдындағы медициналық тексерудің және операциядан кейінгі бақылаудың сапасына баға беріп, медицина қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға беруді сұраған.

    Бұдан бөлек, Камила Нұржан липосакция үшін төлеген қаражаттың толық қайтарылуын талап етіп отыр. Егер тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталса, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұраған.

    Қазір әйелдің ем-домы жалғасуда. Ол пластикалық немесе косметологиялық процедура жасатуды жоспарлаған азаматтарды медициналық мекеменің лицензиясы мен рұқсат құжаттарын алдын ала мұқият тексеруге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →