Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты •

    Қарағандыдағы мектепте ағаштарды түгел отап тастаған: Әкімдік пен білім бөлімі заңсыздыққа көз жұма қараған ба?

    Қарағандыдағы мектепте ағаштарды түгел отап тастаған: Әкімдік пен білім бөлімі заңсыздыққа көз жұма қараған ба?

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды қаласындағы Н. Әбдіров атындағы №58 мектеп аумағындағы жайқалған жасыл ағаштардың түбімен кесілуі жергілікті тұрғындардың үлкен наразылығын тудырды. Қазыбек би ауданының әкімдігі бұл кесу жұмыстарына ешқандай рұқсат берілмегенін ресми түрде мойындап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ал қалалық білім бөлімі болса, жауапкершілікті «заңды білмей қалды» деп мектеп директорына ысыра салып, күрделі жөндеу кезінде тек апатты ағаштар кесілді деген сылтаумен ақталуға көшті. Өңір әкімдігі мен жауапты басқармалардың мектеп іргесіндегі мұндай өрескел заңсыздықты дер кезінде бақыламауы — биліктің экологиялық мәселелерге шорқақтығын анық көрсетеді.

    Тұрғындардың шағымынан кейін ғана қозғалған бұл іс бойынша материалдар полицияға жолданып, ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы («Ағаштарды заңсыз кесу») бойынша тексеріс басталды. Тәртіп сақшылары мектепті тақырға айналдырғандарға объективті құқықтық баға беріп, кінәлілерді жауапқа тартуы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →