Фото: видеодан скрин
Қарағандыда толассыз жауған жаңбыр қала көшелерін ағынды өзенге айналдырып, жергілікті биліктің дәрменсіздігін тағы да әшкереледі. Әкімдік жыл сайын бюджеттен миллиондар бөліп, шаһарды «жасыл қалаға» айналдырдық деп мақтанғанымен, қарапайым нөсердің өзінде жаяу жүргіншілер жолы көлкіген су астында қалып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Тұрғындар тіпті биік платформалы аяқ киім кисе де, көшеден су кешпей өту мүмкін еместігін айтып, әлеуметтік желіде наразылық білдіруде. Су бұру жүйесінің (ливневка) дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан халық әр жауын сайын осындай азапты бастан кешуге мәжбүр. Билік мәселені шешудің орнына, табиғаттың тосын мінезіне сілтеп, қол қусырып отырғандай әсер қалдырады. Шенеуніктердің құрғақ есептері мен көшедегі шынайы көріністің арасы жер мен көктей болып тұр.
Видео: yuliyahlab
