Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    8 жыл үмітпен күту: Қосшы әкімдігі 140 отбасының тағдырын ойыншыққа айналдырды

    8 жыл үмітпен күту: Қосшы әкімдігі 140 отбасының тағдырын ойыншыққа айналдырды

    Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында «Diamond Park» тұрғын үй кешенінен пәтер аламыз деп, 8 жыл бойы тентіреп жүрген 140 отбасы тағы да наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Салынбаған үйдің несиесін төлеп, жалдамалы пәтер жағалап шаршаған халықтың арасында зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар бала асырап отырған жандар аз емес.

    2023 жылы сот құрылыс компаниясын «алаяқ» деп танып, үкім шығарғанымен, жергілікті билік зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғауға әлі күнге асығар емес. Шенеуніктер өткен жылы пәтер кілттері 2026 жылғы Қала күніне орай беріледі деп уәде еткенімен, бүгінде құрылыс алаңында тіпті жұмыстың нышаны да байқалмайды.

    Қосшы әкімдігі нақты іске көшудің орнына, әлі күнге дейін «инвестор іздеп жатырмыз» деген кезекті сылтаумен уақыт созып, жауапкершіліктен қашып отыр. Жауапсыз шенеуніктердің құрғақ уәдесінен әбден түңілген халық енді бұл мәселеге Президенттің тікелей араласуын талап етуде.

    Фото: видеодан скрин

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →