Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

    Арыстағы айқай: Шенеуніктер мақтаған жол бір жылға жетпей бүлінді

    Арыстағы айқай: Шенеуніктер мақтаған жол бір жылға жетпей бүлінді

    Арыс қаласы аумағындағы облыстық маңызы бар КХ-92 «Арыс – Монтайтас» автомобиль жолы 2025 жылы күрделі жөндеуден өткенімен, арада жыл өтпей жатып қайта бүлінді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Шұрық-тесікке айналған сапасыз жолдың қазіргі сиқы Шағыр елді мекенінен шыға беріс бөлігінде анық көрініп тұр: асфальттың кей тұстары опырылып, ортасы осылып, көлік қозғалысына қауіп төндіруде.

    Күн сайын жүздеген жедел жәрдем, ауыларалық автобустар мен жүк көліктері қатынайтын бұл маңызды бағытта жүргізушілер апатты айналып өту үшін қарсы бағытқа шығуға мәжбүр.

    Мемлекет қаржысын желге ұшырған мердігердің жұмысын қабылдап алып, бақылауды босаңсытқан жергілікті өңір әкімдігі бұл олқылық пен жобадағы қателіктер үшін тікелей жауапты. Халықтың қауіпсіздігін емес, тек есеп беруді ойлаған шенеуніктердің бұл салғырттығы тұрғындардың орынды наразылығын тудырып отыр.

    Фото: видеодан скрин

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →