Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды

    Алматыда теректің астында қалған бойжеткен ауыр хәлде жатыр

    Алматыда теректің астында қалған бойжеткен ауыр хәлде жатыр

    Фото: әлеуметтік желі

    Алматыда қатты желден 18 жастағы бойжеткенге ағаш құлап, ауыр қалде жансақтау бөліміне түсті. Қазір жақындары қызға қосымша қан керек екенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрауда. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Желіде тараған хабарламада Селина Абитова есімді қызға жедел қан құю керек екені айтылған.

    “Кешегі қатты желден соң 18 жастағы қызға ағаш құлады. Қазір ол ауыр жағдайда өмірмен күресіп жатыр.Науқасқа IV (төртінші) оң қан тобы қажет. Басқа топтар да қарастырылады. Әр тамшы қан өмір сүруге мүмкіндік”, – делінген хабарландыруда.

    Stan.kz тілшісі оқиғаға байланысты Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан сұрады. Ведомство оқиғаны растады.

    “27 маусымда науқас жедел жәрдем бригадасымен аса ауыр жағдайда №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты ол қабылдау бөліміне емес, бірден анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.

    Қазіргі уақытта науқастың жағдайы әлі де аса ауыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауруханада оған екі рет гемотрансфузия – қан және оның компоненттері құйылды. №4 қалалық клиникалық аурухана медициналық көмек көрсету үшін қажетті қан қорымен толық қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмек, қан және оның компоненттерінің тапшылығы жоқ. Медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларына сәйкес толық көлемде көрсетіліп жатыр”, – деді ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →