Фото: eburg.mk
Орал қаласындағы Жуков көшесі, 21 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйдің тұрғындары бес күннен бері кәріз жүйесінің қолқаны қабатын сасық иісіне шыдап өмір сүруге мәжбүр.
Теміржол вокзалы маңында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін, вокзал мен пошта арасындағы кәріз құбырлары істен шыққан. Апатты жою үшін жақында ғана төселген жаңа асфальтты қайта бұзу қажет, алайда вокзал басшылығы мен «Батыс Су Арнасы» мекемесі кінәні бір-біріне ысырып, жұмысты бастамай отыр.
Салдарынан үйдегі кішкентай балалар, жүкті әйелдер мен қарт кісілердің денсаулығы нашарлап, тұрғындар зардап шегуде. Осыған байланысты халық жергілікті әкімдік пен жауапты қызметтерден мәселеге шұғыл араласып, кінәліні іздеуді қойып, апатты тез арада реттеуді талап етеді.
видео: zhaloby_uralsk__official
