Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды •

    Бүгін Сенаттың тарихтағы соңғы отырысы өтті

    Бүгін Сенаттың тарихтағы соңғы отырысы өтті

    Фото: тікелей эфирден скрин

    29 маусымда Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырысы өтті. Ал ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті сессияның ресми жабылуы жарияланады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне еніп, осыған байланысты қазіргі Парламенттің өкілеттік мерзімі аяқталады.

    Осылайша, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент 30 жылдық қызметін тәмамдап отыр.

    Қазақстанда Вице-президент пен Құрылтайға қатысты заң қабылданды

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, алдағы кезең ел үшін жаңа міндеттер мен тың өзгерістерге толы болады.

    “Құрметті әріптестер, алда бізді дамудың жаңа кезеңі, ауқымды әрі жауапты міндеттер күтіп тұр. Сенаттың 30 жылдық мол тәжірибесін жалғастырып, жаңа форматта және жаңа мәртебеде жұмысын бастайтын Құрылтайға сәттілік тілейміз! Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, халқымыз ел игілігі жолында әрдайым бірлікте еңбек ете берсін”, – деді Мәулен Әшімбаев.

    Оның сөзінше, Сенат үш онжылдық бойы заң шығару жүйесінің маңызды институты ретінде қызмет атқарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →