Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен Құрылтай сайлауында көш бастады Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен Құрылтай сайлауында көш бастады Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады

    Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады

    Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады

    «Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС жаңа студенттер жатақханасының құрылысын салу үшін «BAZA 271» ЖШС-не жеңілдетілген қаржыландыру ұсынды.

    Жобаны жүзеге асыруға «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында жылдық 6% мөлшерлемемен, 7 жыл мерзімге 500 млн теңге бөлінді.

    Жоба Алматының білім беру инфрақұрылымын дамытуға, студенттерді заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге және студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын азайтуға бағытталған.

    Жалпы ауданы 3 537,2 шаршы метр болатын жаңа жатақхана 400 орынға есептелген. Ғимарат төрт қабаттан және жертөле қабатынан тұрады. Мұнда Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері тұра алады.

    Жобаның жалпы құны 750 млн теңге. Оның ішінде 250 млн теңге – инвестордың өз қаражаты, ал 500 млн теңге – «Almaty Finance» ЖШС ұсынған қарыз қаражаты. Сонымен қатар жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ арқылы мемлекеттік субсидиялау тетігімен жүзеге асырылады. Субсидия мөлшері – жатақханада тұратын әрбір студентке 230 АЕК.

    Жатақханада тұрудың жоспарланған құны – бір студентке айына 45 мың теңге.

    «Жаңа жатақхананың құрылысы студенттерді заманауи әрі жайлы тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етуге және қаланың қолданыстағы инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Құрылысты 2026 жылы қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар жоба аясында 11 жаңа жұмыс орны ашылады», – деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Эмиль Оспанов.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →