Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжге барды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжге барып, кадеттердің дайындығымен, отандық әскери техникамен және Aibyn App платформасымен танысты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжге барды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысына Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағы үлгісімен жасалған «Айбын» кедергілер жолағында жиынға қатысушылардың көрсетілімдік өнерлері мен Action Air практикалық ату бойынша жаттығу аймағы көрсетілді.

    Содан кейін Президентке жастарды патриоттық тәрбиелеудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы кадеттер отандық өндірістің симуляциялық тренажерларында жаттығатын оқу-зертханалық корпусты аралады. Мұнда қазақстандық «Арлан» броньды машинасы мен ұшқышсыз авиацияның заманауи технологияларын қамтитын әскери техниканың қазіргі үлгілері де көрсетілді.

    Аяғында Қасым-Жомарт Тоқаев әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін табыс етті.

    Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына көрнекті қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусы Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж болып қайта аталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →