Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен Құрылтай сайлауында көш бастады Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен Құрылтай сайлауында көш бастады Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады

    Алматы мен Харбин туризм саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтереді

    Алматы мен Харбин туризм саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтереді

    Алматы Қытайдың ірі туристік орталықтарының бірі Харбинмен туристік байланысты нығайтып келеді

    Алматыда қалалық Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың Қытайдың Харбин қаласы делегациясымен кездесуі өтті. Делегацияны Харбин қаласы Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі басшысының орынбасары Ван Нин бастап келді.

    Кездесу барысында тараптар туризм, мәдени алмасу, креативті индустрия және екі қаланың туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

    Әсіресе, қысқы туризмді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Харбин Қытайдағы мұз және қар туризмінің жетекші орталықтарының бірі саналады. Ал Алматы халықаралық деңгейдегі заманауи тау шаңғысы және рекреациялық орталық қалыптастыруды көздейтін Алматы тау кластері жобасын жүзеге асырып келеді. Осыған байланысты тараптар туристік инфрақұрылымды дамыту және халықаралық қысқы іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесімен алмасты.

    Сонымен қатар туристік алмасуды кеңейту, бірлескен туристік өнімдерді ілгерілету және екі қала арасындағы тікелей байланысты дамыту мәселелері қарастырылды.

    Айта кетейік, Қытай Алматы үшін басым туристік нарықтардың бірі болып саналады. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдан келген туристер саны 14%-ға артып, 23 890 адамға жетті. Қытай өңірлерімен серіктестікті дамыту екі ел арасындағы туристік байланысты нығайтып, өзара туристік қызығушылықтың артуына ықпал етеді.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →