Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген

    ӘЧ-2026: Нидерланд, Жапония және Швеция құрамалары әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды

    ӘЧ-2026: Нидерланд, Жапония және Швеция құрамалары әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды

    Фото: sb.by

    Нидерланд құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобындағы матчта Тунис құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ойынның үшінші минутында Тунис құрамасының қорғаушысы Эллиес Скири допты өз қақпасына кіргізіп алды. Жетінші минутта нидерландылық шабуылшы Брайан Бробби мергендігімен көзге түсті. 54-минутта Тунис құрамасының шабуылшысы Хазем Мастури бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Ал 62-минутта қорғаушы Ян Паул ван Хекке Нидерланд құрамасының үшінші добын соқты.

    Бұдан кейін Жапония құрамасы Швециямен тең ойнап, 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Швеция құрамасы сапында Энтони Эланга гол соқса, Жапония құрамасынан Дайдзен Маэда көзге түсті.

    Жапония құрамасы бес ұпай жинап, топта екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Нидерланд құрамасы жеті ұпаймен квартетте бірінші орынға шықты. Үшінші орынға төрт ұпай жинаған Швеция құрамасы тұрақтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →