Семсерлесуден ел қоржынына Азия чемпионатында үш медаль түсті
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.
Финалда қазақстандық спортшы Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.
Қайша Жәнібек күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол сабля бәсекесінің финалында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтады.
