Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Халықаралық іздеуде жүрген «атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

    Халықаралық іздеуде жүрген «атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

    Фото: Polisia.kz

    Түркиядан Қазақстанға бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, деп хабарлайды деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ішкі істер министрлігі интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

    «Күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген», — дейді полициядағылар.

    Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Айта кетері, ол биыл жыл басында Атырау облысында бір отбасы жоғалып кеткенде өзінше «тергеу» жүргізген.

    Геолокация, SIM-карта деректері мен қаржылық операциялар бойынша жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтап жатқанын айтты.

    Кейін полиция «хакердің» тек тергеу органдарының қолында бұрыннан болған ақпаратты жариялағанын хабарлады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →