Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты

    «Балаларға берген тамағы ашып кеткен»-Түркістанда ата-аналар лагерь жұмысына шағымданды

    Түркістан облысы Түлкібас ауданында ата-аналар жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Видео әлеуметтік желіде тараған. Ата-аналардың айтуынша, балалары тамаққа шағымданған.

    «Лагерьде балаларға берілген тамақтары ашып кеткен, нандары қатып қалған» делінген ақпаратта.

    Облыстық білім басқармасының мамандары таулы аймақта орналасқан лагерьді тексеріп жатыр.

    «Біздің мамандар қазір сол жерде тексеру жүргізіп жатыр. Таулы аймақ болғандықтан, ұялы телефон байланысы жұмыс істемейді. Тексеруден кейінгі ақпаратты қосымша жариялаймыз. Лагерьге шағым жасаған 20 шақты ата-ана балаларын алып кетті. 550-дей бала қайтпады, олар лагерьде қалатындарын айтты», — дейді білім басқармасының баспасөз қызметі.

    Мамандардың пайымдауынша, балаларға тамақ емес, басқа жағдай ұнамаған.

    «Лагерьде ұялы телефон байланысы жоқ. Балаларға сол да ұнамауы мүмкін. Бұл жағдай Түркістан облысы білім басқармасының басшысының тікелей назарында, зерделеп, тексеру жұмыстары толық жүргізілетін болады», — дейді басқарма.

    Демалып жатқан Шардара ауданының балалары. Шардарада жазғы сауықтыру лагері болмағандықтан, Түлкібастағы лагерьді жалға алған.

    «Биыл мемлекеттен әр балаға 30 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бес уақыт тамағы мен жоспарға сәйкес ойын-сауық бағдарламасы бар. Балалардың көпшілігі тамақ тәтті, ешкім ұрып-соғып жатқан жоқ дейді. Ата-аналардың араласуы бар, балалардың үйге қайтқысы келгені бар, ақпарат тым бұрмаланып кетіп жатыр», — дейді білім басқармасының мамандары.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →