Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды •

    Жалған куәлік жарға жықты: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін сотталып кетті

    Жалған куәлік жарға жықты: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін сотталып кетті

    Фото: istockphoto.com

    Щучинск қаласында танысын әкімшілік жауапкершіліктен құтқармақ болып, сотта өтірік айтқан жергілікті тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ол танысын құтқармақ болып, көлік құралын басқа адамның жүргізгені туралы сотқа көрінеу жалған айғақ берген. Алайда іс материалдарындағы бейнежазба оның айғақтарын жоққа шығарып, көлік құралын нақты басқарған тұлғаның кінәсін дәлелдеді.

    Прокурордың өтінішхаты негізінде сот жеке қаулы шығарып, содан кейін Қылмыстық кодексінің 420-бабы (көрінеу жалған айғақ беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    «Алғашында сот оған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Алайда прокуратураның апелляциялық өтінішхаты бойынша, сотталған адамның жеке басы және оның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаны ескеріліп, облыстық сот жазаны өзгертіп, оны ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Прокуратура сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрінеу жалған айғақ беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →