Тәуелсіздік сарайында Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алдыФото: видеодан алынған скрин

Бұдан кейін мәртебелі мейманның ресми сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алдыФото: видеодан алынған скрин

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алдыФото: видеодан алынған скрин

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Мемлекет басшыларының қатысуымен шағын құрамдағы келіссөз басталды. 19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Еске салсақ, бұған дейін Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режжим енгізді.