Фото: «24KZ»
Атырау облысында төрт адамды асқан қатігездікпен өлтірді деген айып тағылған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты өтіп жатқан сот процесінде оның құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салғаны айтылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Ақ жайық мәліметінше, Сарсемалиевтің жұбайының туған әпкесі — Мирамгүл Қарабалинаға 32 соққы, оның ағасы Наурыз Мұқанғалиевке — 10, отбасының отағасы Мақсот Қарабалинге — 9 пышақ жарақатын салған, ал жұбайының анасы — Нәсіп Өтешқалиеваға 8 соққы тиген.
Сотта айыпталушы Сарсемалиев кінәсін ішінара мойындады.
Ол Мирамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін мәлімдеді. Сонымен қатар сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіруді алдын ала жоспарламағанын айтқан. Сот процесі жалғасып жатыр.
Дереккөз: 24.kz
