Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды •

    Қырғызстанда балаларға әкесі мен шешесінің фамилиясы қатар берілуі мүмкін

    Қырғызстанда балаларға әкесі мен шешесінің фамилиясы қатар берілуі мүмкін

    Фото: advantour.com

    Қырғызстанда парламент депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға балаларға қосарланған фамилия беруге рұқсат етуге қатысты өзгертулер енгізу жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қырғыз басылымдарының айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша балаға ата-анасының бірінің тегі өзара келісім бойынша беріледі. Қосарланған фамилияға рұқсат жоқ. Ал депутаттардың ұсынысы қолдау тапқан жағдайда бала әкесі мен анасының тегін қатар ала алады. Бұл ретте фамилиялар дефис арқылы жалғанады және оның реттілігін ата-ана өзі таңдай алады. Яғни, әкесінің тегі бірінші тұра ма, әлде анасының тегі алға шыға ма – оны ата-ана өзі шешеді.  Сондай-ақ, бұл ретте үш фамилияға рұқсат берілмейді.  Депутаттардың түсіндіруінше, мұндай бастама көтеруге тұрғындардың өтініші негіз болыпты. Мәселен, бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бергісі келгенімен, хал актілерін тіркеу органдары бұған рұқсат бермеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →