Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды Қазақстандағы ресейліктер көші-қоны: 2022 жылғы толқыннан кейінгі жағдай Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды Қазақстандағы ресейліктер көші-қоны: 2022 жылғы толқыннан кейінгі жағдай Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды

    Қазақ тапқандар бар: жолаушылар ұшағы автожолға құлап, өртеніп кетті

    Қазақ тапқандар бар: жолаушылар ұшағы автожолға құлап, өртеніп кетті
    Фото: әлеуметтік желі

    АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында Cessna Citation Latitude типті бизнес-джет тас жолға құлап, артынша өртке оранды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Апат салдарынан бір адам көз жұмып, тағы бірнеше адам жарақат алды.

    Associated Press агенттігінің хабарлауынша, NetJets компаниясына тиесілі ұшақ бортында алты адам болған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапса, қалған бес жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

    Ұшақ Ларедо халықаралық әуежайының маңында құлаған. Диспетчерлер ұшу кезінде бортта техникалық ақау тіркелгенін хабарлаған. Біраз уақыттан кейін әуе кемесімен байланыс үзіліп, ұшақ Loop 20 тас жолына құлап түскен.

    Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін ұшақ өртеніп, айналадағылар зардап шеккендерді кабинадан шығаруға көмектескен. Кейбір адамдар терезені құралдардың көмегімен сындыруға тырысқан.

    Ұшақтың бір бөлігі жолда келе жатқан көлікке де соғылған. Көліктегі адамдар аман қалғанымен, олар да ауруханаға жеткізілді. Құтқару жұмыстарына қатысқан бес полиция қызметкері түтінге улану белгілерімен медициналық көмек алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →