Фото: видеодан скрин
Тұрғындар тағы да шулады. Бұл жолы қаланың орталығындағы ең танымал элиталы тұрғын үй кешендерінің бірі — «Грин Плаза» жұрты аяғынан тік тұрды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Кеше, 11 маусымда, ондаған ашулы тұрғын аулаға жиналып, құрылыс компаниясына қарсы наразылық білдірді. Мәселе мынада: шенеуніктер мен инвесторлар тұрғын үйдің дәл жанындағы титімдей жер теліміне тағы бір 15 қабатты зәулім үй тұрғызбақшы. Ол жерден қазіргі үйлердің бүкіл инженерлік желілері мен кәріз құбырлары өтіп жатыр. Көршілес жерде басталған алғашқы қазу жұмыстарының салдарынан 1200-ден астам пәтер жарықсыз қалып, құбырлар зақымдалған. Тұрғындар «бұл тонау мен заңсыздық тоқтамаса, ертең апат болады» деп дабыл қағуда. Халық құрылыстың заңдылығын тексеруді және құжаттардың ашық көрсетілуін талап етіп отыр.
