Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Іс бір жылдан бері сотқа жетпеген: Жамбыл облысында зорланған 15 жастағы қыз босанды

    Іс бір жылдан бері сотқа жетпеген: Жамбыл облысында зорланған 15 жастағы қыз босанды

    Фото: Видеодан скрин

    Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз кесарь тілігі арқылы босанды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы, алайда қыз ана атанғанын толық түсінбейді.

    “Анасының да, баласының да жағдайы, дендері сау. Енді тиісті ұйымдарға тапсырылады. Бұл өзінің тұрғылықты жеріндегі емханада арық қарай бақылау жүргізіледі. Ана мен балаға 1 ай көлемінде көмек көрсетілді”, – деді Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Гүлзада Әшірбаева. 

    Жеткіншектің жақындары оны топтасып зорлады деген күдіктілердің әлі бостандықта жүргенін айтып, қылмыстық істің бір жылдан бері сотқа жетпегеніне наразы. Қыздың анасы тергеу барысында қысым көргенін айтып, күдіктілер тарапынан кешірім беруге мәжбүрлеу болғанын мәлімдеді.

     “Күдіктілердің орнына өзіңді апарып қамаймын деді. Резонанс тудырта берме деп “балаларыңды қайта балалар үйіне алып кетеміз” деп қорқытты. Содан кейін мен резонанс тудыртпадым. Ешқайда бармадым. Содан бері тергеу амалдары тоқтап тұр”, – дейді қыздың анасы.

    Ал, полиция сәбидің әкесі болуы мүмкін жеті күдікті бар екенін растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ДНҚ сараптамасын жүргізу үшін жәбірленушінің босануын күткен. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бір жылға созылған қылмыстық іс енді сотқа жолданбақ, ал жәбірленуші тарап барлық кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеде. Тегтер: #Жамбыл облысы #жасөспі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →