Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр •

    Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

    Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

    Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен Орталық мәдениет және демалыс саябағында XXVIII халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өтті. Ауқымды мәдени шараның маңыздылығы туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Биыл халықаралық байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Армения, Грузия, Болгария, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Қытайдан келген жас өнерпаздар қатысты. 700-ден астам қатысушы вокал, хореография, сән театры, халықтық орындаушылық және аспаптық өнер аталымдары бойынша шеберлік көрсетіп, бақ сынады.

    Қазылар алқасының құрамына мәдениет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Италия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Польша, Қытай, Болгария, Грузия және Армениядан келген мамандар енді.

    Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға Гран-при, сондай-ақ әр аталым мен жас ерекшелігі бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом табысталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды.

    Вокал аталымы бойынша Гран-при иегерлері:

    кіші топ – Әділ Бектұрсын, Алматы қаласы;

    орта топ – Нұрай Маратова, Алматы қаласы;

    ересек топ – Виктория Илиева, Пловдив қаласы, Болгария Республикасы;

    кәсіби топ – Мархабат Мұрадәлі, Қарағанды қаласы.

    Халықтық орындаушылық және аспаптық өнер аталымдары бойынша Гран-при иегерлері:

    кіші топ – Әли Асқар Еркінұлы, Алматы қаласы;

    ересек топ – Әл-Азиза Ғалымжан, Алматы қаласы;

    ересек топ – Ваге Назаретян, Ереван қаласы, Армения Республикасы.

    Хореография және сән театры аталымдары бойынша Гран-при иегерлері:

    кіші топ – «Жас Өркен» би ансамблі, Алматы қаласы;

    орта топ – «Тұмарханым» халық биі студиясы, Алматы қаласы;

    ересек топ – «Ару Арал» би ұжымы, Арал ауданы, Қызылорда облысы;

    ересек топ – «Керім-ай» сән театры, Алматы қаласы.

    «Бозторғай» байқауы – жас таланттардың халықаралық шығармашылық кеңістікте танылуға бастар алғашқы қадамы. Бұл шығармашылық алаң жыл сайын жүздеген баланың өнерге деген сүйіспеншілігін, достық пен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын біріктіріп, жаңа белестерге жол ашады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →