Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Қызылордада WornerBros пирамидасын басқарған адам 5 жылға сотталды

    Қызылордада WornerBros пирамидасын басқарған адам 5 жылға сотталды

    Фото: depositphotos.com

    Қызылорда қаласында WornerBros қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «24KZ»-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Ұйымдастырушы азаматтарды WornerBros платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көргені үшін табыс табуға болады деген желеумен қаржы пирамидасына тартқан.

    Қатысушыларға рефералдық сілтеме арқылы тіркеліп, құны 10 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейінгі VIP-пакеттердің бірін сатып алу ұсынылған. Күніне 735 мың теңгеге дейін табыс түсетіні уәде етілген. Әрбір жаңа қатысушы үшін бонус төленіп отырған, бұл азаматтарды жүйеге тұрақты түрде тартуға ынталандырған.

    Схеманы насихаттау үшін WhatsApp топтары, әлеуметтік желілердегі жарнамалар және үгіт-насихат кездесулері пайдаланылған. Тергеу барысында салымшылардың қаражатын жинақтау және аудару үшін қолданылған криптоәмияндар анықталды.

    Сот санкциясымен 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ 24 жәбірленушінің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →