Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді

    Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды

    Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды

    Фото: Видеодан скрин

    Маңғыстау-Семей бағытындағы №37 пойыздың жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды, деп хабарлайды деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде жолаушылар түсірген видео пайда болды. Кадрлардан вагон ішінде өріп жүрген жәндіктерді көруге болады.

    «Міне, тағы бір кішкентайы, ал мынау үлкені. Бұл жерде ұйықтай алмаймын», – дейді видео авторы.

    Жұрт вагонның антисанитарлық жағдайына жаппай наразылық білдіріп, дезинсекция жұмыстарының сапасыздығына шағымданып жатыр. Кейбіреулер мұндай мәселелерге Маңғыстау-Алматы бағытын қоса алғанда, өзге де пойыздарда тап болғандарын айтты.

    Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, шағымнан кейін пойыз соңғы станцияға келген бойда құрамға жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

    «Бұл вагонды жоспарлы өңдеу жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес биыл 30 мамырда жүргізілген. Нормативтер бойынша жолаушылар вагондарын дезинсекциялау айына кемінде бір рет, ал дератизациялау тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі», –  деді компания өкілдері.

    Тексеру қорытындысы бойынша пойыз бастығы, өндірістік оқыту нұсқаушысы, «Батыс» филиалы Маңғыстау учаскесінің бастығы, сондай-ақ, «Батыс» филиалының директоры, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары және бас инженері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар, вагонды рейске шығар алдында қабылдауға және дайындауға жауапты болған рейсалды комиссиясының барлық мүшесі жазаланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →