Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды

    «Бес баламның бағы шығар»: Мөлдір Мұқанова қуанышымен бөлісті

    «Бес баламның бағы шығар»: Мөлдір Мұқанова қуанышымен бөлісті

    Танымал продюсер, блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, су жаңа көлік алғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі бұл қуанышты сәтті ең алдымен бес баласының несібесі мен берекесі екенін атап айтты. Оның айтуынша, балалары өміріндегі ең үлкен қолдау мен күш-қуаттың көзіне айналған.

    «Бір кездері өзіме модель де, актер де, актриса да, стилист те, көмекші де, ақылшы да болатын балаларды дүниеге әкелгеніме әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын. Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова енді жаңа көлігімен балаларын ертіп, жиі саяхаттауды көздеп отырғанын жеткізді.

    «Енді бесеуін салып алып, улап-шулап жақсы жерлерге барамыз. Көлігіміз біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр ма? Біз үшін қуанып, құттықтап жатқан әрбір жанға мың алғыс», – деді блогер.

    Желі қолданушылары блогерді жаңа көлігімен құттықтап, отбасына амандық пен  береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →