Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Астанада 24 алаяқ 8 жылдан түрме жазасын алды 20 қыркүйекте Алматы мен тағы бес қалада ауа райы қолайсыз болады Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Астанада 24 алаяқ 8 жылдан түрме жазасын алды 20 қыркүйекте Алматы мен тағы бес қалада ауа райы қолайсыз болады Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды

    Талдықорғанда 3 жастағы қызы мен әйелін ұрып-соққан ер адам сотталды

    Талдықорғанда 3 жастағы қызы мен әйелін ұрып-соққан ер адам сотталды

    Талдықорғанда үш жасар қызы мен әйеліне күш көрсеткен ер адам 4 жылға сотталды, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жетісу облысында қоғамда резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты. Талдықорған қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

    Оқиға биыл ақпан айында болған. Медициналық мекемеден полицияға денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар үш жасар баланың жеткізілгені туралы хабар түскен. Кейін баланың өз әкесінен зардап шеккені анықталды.

    Полиция мәліметінше, күдікті мас күйде болған және оқиға орнында ұсталған.

    Қылмыстық іс бастапқыда ауыр дене жарақатын қасақана келтіру дерегі бойынша қозғалып, кейін азаптау және ұрып-соғу бабына қайта сараланған.

    Сот шешімімен ер адам 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →