Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьерін құттықтады Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды «Кино түсіргендей болдық»: Ерке Есмахан жаңа альбомының машақаты туралы айтты Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьерін құттықтады Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды «Кино түсіргендей болдық»: Ерке Есмахан жаңа альбомының машақаты туралы айтты Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды

    Қызылорда облысында каналдан қыздың мәйіті табылды

    Қызылорда облысында каналдан қыздың мәйіті табылды

    Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал шлюзінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.infoақпарат порталы.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусым күні кешке ауыл тұрғындарының бірі канал шлюзінен қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған.

    Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 2 маусым күні кешке үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

    Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу және күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

    Полиция тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.

    Сондай-ақ құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан кісі өлтірудің мән-жайына қатысты кейбір ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін ескертті.

    Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған, – делінген полиция хабарламасында.

    Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →