Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды •

    Ақтөбе әкімі аппаратының бұрынғы басшысы алаяқтық үшін сотталды

    Ақтөбе әкімі аппаратының бұрынғы басшысы алаяқтық үшін сотталды

    Фото: depositphotos.com

    Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Исембайұлы алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.

    Сот Нұрсұлтан Исембайұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сот зардап шегушінің азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Сотталған азаматтан 3 млн теңге материалдық шығын, ал заңды өкілдің пайдасына 1,5 млн теңге өндіріп алу белгіленді.

    Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Исембайұлы мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Іс сотқа 2024 жылдың желтоқсанында түскен болатын. Бұрынғы шенеунікке алаяқтық, яғни алдау немесе сенімді асыра пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықты иемдену айыбы тағылды. Бұған дейін, 2025 жылдың сәуір айында Ақтөбе әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исембайұлы сот шешімімен ақталған еді. Алайда кейінірек прокуратура бірінші инстанция сотының шешіміне шағым түсірді. Нәтижесінде бұрынғы шенеунік кінәлі деп танылып, нақты мерзімге сотталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →