Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты •

    Орны толмас қаза: Актер Рүстем Жаныаманов тұңғыш ұлынан айырылып қалды (ФОТО)

    Орны толмас қаза: Актер Рүстем Жаныаманов тұңғыш ұлынан айырылып қалды (ФОТО)

    Фото: Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова

    Актер Рүстем Жаныаманов пен оның жары, актриса Жанаргүл Жаныаманованың отбасында қайғылы жағдай болды. Ерлі-зайыптының тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізіп, марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл суық хабар өнерсүйер қауымды да бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары актерлер отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айту сөздерін жазып жатыр.

    «Біздің Рүстем мен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала – бауыр еттен, мұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

    Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова тұңғыш ұлдарының денсаулығы үшін ұзақ жыл күрескенін ашық айтқан еді. Олар бірнеше сұхбатында Нұрмұхамметтің ауыр диагнозымен 5-6 жыл бойы арпалысып, оның сауығып кетуі үшін барлық күш-жігерін жұмсағанын бөліскен болатын.

    Қазір көпшілік өнер иелерінің отбасына сабыр тілеп, марқұмның иманы саламат болсын деген тілектерін білдіруде.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →