Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақмола облысында студент жансақтау бөліміне түсті

    Ақмола облысында студент жансақтау бөліміне түсті

    Фото: Pixabay

    Қазіргі уақытта науқас облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, жасөспірім кене арқылы таралатын вирустық энцефалит жұқтырған болуы мүмкін.

    Жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы бірден медициналық көмекке жүгінбеген және бұл жағдай туралы мамандарға хабарламаған. Біраз уақыт өткен соң науқастың денсаулығы күрт нашарлай бастайды.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің санасы бұзылған. Қазір оған барлық қажетті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

     «Әдетте алғашқы белгілер 7-10 күн ішінде пайда болады. Кене энцефалитінің асқынуы өте қауіпті, өйткені вирус орталық жүйке жүйесін – ми мен жұлынды зақымдайды. Оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін», – деді облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →