Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Меладзе концертінде тәртіп бұзған әйелдер жазаланды • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Алматыда Меладзе концертінде тәртіп бұзған әйелдер жазаланды • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы •

    5 наурызда жоғалып кеткен қарағандылық қыз өлі табылды

    Қарағандыда 5 наурызда жоғалып кеткен 27 жастағы Анастасия Шевякова табылды. Ол пышақ жарақаттарымен ағаш отырғызу алқабында жатқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мәйіті 27 наурызда таңертең табылған.

    «27 наурызда пышақ жарақатымен 27 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, ол хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.

    Сондай-ақ, ведомстводағылар күдікті кінәсін мойындағанын айтты. Оның сөзінше, 5 наурызда ол Анастасиямен сөзге келіп қалған. Сөйтіп үйде оған пышақ сұғып алып, қылмыс ізін жасыру үшін денесін ағаштардың арасына көміп кеткен.

    «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», — деді ведомстводағылар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →