Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО)

    Артемьев шахтасында бір ай ішінде екінші жұмысшы қаза тапты

    Артемьев шахтасында бір ай ішінде екінші жұмысшы қаза тапты

    Фото: pixabay

    Шығыс Қазақстан облысында Артемьев шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға 30 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да болған . Компания оқиғаның болғанын растап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

    Бұл – бүкіл ұжым үшін ауыр қайғы. Біз әріптесіміздің отбасы, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпыз. Компания отбасыға қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетеді, – делінген ресми хабарламада.

    Қайғылы оқиғадан кейін апат болған учаскедегі жұмыстар бірден тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін уәкілетті органдар өкілдері мен тиісті мамандардың қатысуымен тергеу басталды.

    Бұған дейін 10 мамырда осы шахтада шаң-желдету қызметінің механигі қаза тапқан, оның шамамен 9 метр биіктіктен құлағаны туралы хабарланған болатын

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →