Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

    «Сұлулық өмірден қымбат болды ғой»: Блогер Әсел Асқар оқырмандарын алаңдатып қойды (ВИДЕО)

    «Сұлулық өмірден қымбат болды ғой»: Блогер Әсел Асқар оқырмандарын алаңдатып қойды (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Белгілі блогер әрі актриса Әсел Асқар пластикалық ота жасатқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жариялаған бейнежазбада блогердің отадан кейін наркоз әсерінен толық ояна алмай жатқан сәті көрсетілген.

    «Бәрі артта қалды»,– деп жазды ол бейнежазбаның астына.

    Желі қолданушылары блогердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.

    Пікір қалдырған оқырмандардың көп бөлігі пластикалық операциялардың қауіп-қатерін еске салып, мұндай шешімге аса жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.

    Сондай-ақ көпшілік бұған дейін пластикалық ота кезінде қайтыс болған блогер Сәуле Базарханның оқиғасын мысалға келтіріп, оның тағдыры көпшілікке сабақ болуы тиіс екенін жазды.

    «Жазылып кетіңіз», «Пышаққа түсуге қалай қорықпайсыңдар?!»,«Осыдан қанша адам қайтыс болып жатыр ғой, ойлансаңдаршы», «Сұлулық өмірден қымбат болды ғой», «Біреу ауруына ем іздейді, біреу ауру іздейді», «Өткендегі жағдайдан сабақ алсаңдаршы», – деп пікір қалдырды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →