Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

    Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған блогер жаназадағы видеосы үшін сынға қалды

    Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман Талғатқызы жаназа үйінен видео жариялап, көпшіліктің сынына ұшырады.

    Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған блогер жаназадағы видеосы үшін сынға қалды

    Сурет: madeniportal.kz

    Фото: видеодан скриншот

    Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары ретінде танылған блогер Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде жариялаған видеосы үшін көпшіліктің сынына ұшырады. Ол қаралы үйдегі әрекетін видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Айман Талғатқызы Instagram парақшасында жақын құрбысының анасы қайтыс болған үйде қызмет етіп жүргенін көрсеткен. Жарияланған видеода оның басқа әйелдермен бірге қарын тазалап жатқаны және осы сәтте күліп сөйлегені байқалады. «Күшті тазалапсыңдар қарынды, иісі жоқ дейді» деп мәз болған блогердің бұл әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырған.

    Видео астына пікір қалдырған оқырмандар мұндай қаралы сәтте күліп, онысын желіге жариялауды орынсыз деп санаған. Олар блогердің бұл қылығын жаназа өтіп жатқан үйге деген құрметсіздік деп бағалап, «тойда жүргендей көңіл көтерудің қажеті не», «қаза болған жерде өзін-өзі ұстай білу керек» деген сияқты сыни пікірлер білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →