Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі

    Астанада «Сириус» мектебі салынады: құрылысты Тоқаев пен Путин бастап берді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын онлайн-форматта бастап берді.

    Астанада «Сириус» мектебі салынады: құрылысты Тоқаев пен Путин бастап берді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн-форматта Астанадағы «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру кешенінің құрылысын бастауға арналған капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Болашақ білім ошағының іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен және «Сириус» федералдық аумақ кеңесінің төрағасы, «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге салды.

    Бұл жоба екі мемлекет басшыларының арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылып отыр. «Сириус» үлгісіндегі білім беру орталықтары еліміздің екі қаласында құрылмақ. Атап айтқанда, осы жылдың қаңтар айында Алматы қаласында да осындай мектептің іргетасы қаланған болатын.

    Жобаның негізгі мақсаты – дарынды балаларға қолдау көрсетіп, ғылым, технология және инновация салаларында бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →