Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды •

    Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін

    Қазақстанда бірінші атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталуы жоспарланды. АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында салынады.

    Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін

    Сурет: tengrinews.kz

    Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. Ресей президентінің мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Ресей АЭС жобасы бойынша екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Аталған құжаттар атом станциясының тікелей құрылысы мен жобаның қаржылық жағына қатысты болмақ. Егер тараптар тиісті келісімдерді бекітсе, Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасы дайындықтың келесі кезеңіне өтеді.

    2024 жылдың ақпан айында Үкімет қаулысымен бірінші АЭС салынатын жер ресми түрде бекітілген болатын – Алматы облысының Жамбыл ауданы. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжатқа сәйкес, станция Үлкен ауылының маңында бой көтереді.

    Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақмерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырған. Мемлекет басшысы болашақ АЭС құрылысы үшін ең қолайлы орындарды, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды таңдау үшін нақты пайым мен жан-жақты талдау қажет екенін атап өткен еді.

    Сондай-ақ, Президент Үкімет пен Парламенттен екінші атом станциясын салу орнына қатысты ұсыныстар күтетінін жеткізді. Бұрынғы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-тің де елдің оңтүстігіндегі энергия тапшылығына байланысты Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы мүмкін екенін айтқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →