Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    Мұхтар Тайжан: Тау курорты экономикаға серпін беріп, 20 мың жұмыс орнын құрады

    Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Almaty Superski жобасының экономикалық тиімділігін түсіндірді. Оның айтуынша, тау курорты 20 мың жұмыс орнын ашады.

    Мұхтар Тайжан: Тау курорты экономикаға серпін беріп, 20 мың жұмыс орнын құрады

    Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Almaty Superski жобасы бойынша өткен тыңдауда тау курортын дамытудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін атап өтті. Оның айтуынша, жобаға салынған инвестиция 3-5 жыл ішінде өтеліп, Алматының экономикасы мен туризмін дамытуға зор серпін береді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Спикер жобаның әлеуметтік әсеріне ерекше тоқталды. Ол курорттың бағасы жоғары болуы керектігін, бұл ауқатты туристерді тартуға мүмкіндік беретінін жеткізді. «Мен бұл жобаның Куршевельден де қымбат болғанын қолдаймын. Сонда мұнда ауқатты турист келеді, ал бұл – 20 мыңға дейін жаңа жұмыс орны деген сөз», – деді Мұхтар Тайжан.

    Сонымен қатар, ол туризмнен түсетін табысты әлеуметтік бағдарламаларға бағыттау мүмкіндігін сөз етті. «Бай туристің есебінен біз көпбалалы отбасыларға, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дотация бере аламыз», – деп атап өтті ол.

    Тайжанның сөзінше, тау туризмін дамыту мектеп оқушылары үшін тегін сабақтар жүйесін құруға жол ашады. «Біздің балаларымыз Австриядағы немесе Швейцариядағы секілді шаңғы тебуді үйрене алады», – деп толықтырды спикер. Оның бұл сөзінен кейін жиналғандар ду қол шапалақтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →