Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Арапа күні: бұл күні орындалатын сауабы мол амалдар

Арапа күнінің маңызы неде және бұл күні қандай сауапты амалдар жасаған абзал? Құрбан айт қарсаңындағы қасиетті күнде орындалатын құлшылықтар туралы.

Арапа күні: бұл күні орындалатын сауабы мол амалдар

Сурет: anyqtime.kz

Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Арапа күні басталды. Зүлхижжа айының 9-шы жұлдызына сәйкес келетін бұл күн Құрбан айт мейрамының қарсаңында келеді. Ислам сенімі бойынша, бұл күн – дұғалар қабыл болып, күнәлар кешірілетін ерекше уақыт, сондықтан мұсылмандар бұл күнді құлшылықпен өткізуге тырысады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Арапа күні жасалатын ең абзал амалдардың бірі – ораза ұстау. Діни деректерде Арапа күнгі оразаның өткен және келесі жылдағы күнәларға өтем болатыны айтылған. Бұл күні жасалған дұғалардың да қабыл болатынына сенім мол. Сондықтан мұсылмандар бұл уақытты кешірім тілеп, отбасы мен ел амандығы үшін дұға етуге арнайды.

Ораза мен дұғадан бөлек, бұл күні Құран Кәрім оқу, Алладан кешірім тілеп, «Астағфирулла» деп истиғфар айту да үлкен сауапқа жатады. Сонымен қатар Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат жолдау да маңызды құлшылықтардың бірі болып есептеледі. Бұл амалдардың барлығы рухани тазаруға бағытталған.

Құлшылықпен қатар, Арапа күнінде мұқтаж жандарға садақа беру, жақындарына жақсылық жасау, ренжіскен адаммен татуласу сияқты игі істерге де ерекше мән беріледі. Сондай-ақ Құрбан айтқа ниет еткендер бұл күні құрбандыққа шалынатын малды таңдап, мейрамға дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, бұл уақыт – қажылық парызын өтеушілердің Арафат тауында жиналып, дұға ететін сәті. Дегенмен Арапа күні – тек қажылықтағылар үшін ғана емес, бүкіл мұсылман әлемі үшін рухани жаңару мен сауап жинауға берілген маңызды мүмкіндік саналады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →