Қуат Хамитов жеңілген қарсыласы Али Хейбатиге реванш ұсынды

Қуат Хамитов жеңілген қарсыласы Али Хейбатиге реванш ұсынды

Сурет: sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жақында өткен турнирде жеңген ирандық спортшы Али Хейбатиге қайта жекпе-жек өткізуді ұсынды. Хамитов бұл жолы кездесуді жалаң қолмен жұдырықтасу ережесі бойынша ұйымдастыруды қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Естеріңізге сала кетейік, қос спортшы Атырау қаласында өткен Batyr Fighting Championship турнирінде кездескен болатын. Аталған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып, Қуат Хамитов қарсыласын қылғындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.

Жекпе-жектен кейін Хамитов Хейбатидің мінезі мен батылдығын жоғары бағалап, оған құрметін білдірді. «Али – мінезді, лайықты спортшы. Шақыртудан бас тартпай, Қазақстанға келді. Сондықтан мен онымен жалаң қолмен жұдырықтасу ережесі бойынша реванш өткізуге қуанышты боламын», – деді қазақстандық файтер.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика