Атбасар ауданында карантин жарияланды: Ақмола облысында киіктер жаппай қырылып жатыр

Фото. egemen.kz

Ақмола облысының бірнеше ауданында ақбөкендердің жаппай қырылу дерегі тіркелді. Тұрғындар түз жануарларының өлімі мен ауылдардағы мал ауруының арасында тікелей байланыс бар деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды ESILNEWS ақпараттық порталына сіәлтеме жасаған Qazaqtoday.info.

Атбасар ауданында карантин жарияланды. Өңірдегі жағдай әсіресе Атбасар ауданында күрделене түскен. Мұнда ірі қара мал жаппай карантинге алынып, жергілікті халық сақтық шараларын күшейтуге мәжбүр болған.

Кейбір ветеринар мамандардың болжамы бойынша, мал арасында тараған дерт аусыл (ящур) болуы мүмкін. Алайда, бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Халық ауданда санитарлық жұмыстар жүргізілмейтінін айтуда. Ресми органдар аймақтағы жағдайдың тұрақты және бақылауда екенін алға тартқанымен, жергілікті тұрғындардың уәжі бөлек. Олар биліктің әрекетсіздігіне наразы.

«Киікті бақылаусыз қалдыруға болмайды. Санитарлық жұмыстар толық деңгейде жүргізілмей жатыр. Далада шіріп жатқан өлекселерден ауру таралуы әбден мүмкін. Соның зардабын қазір қарапайым шаруалар тартып отыр», – дейді ашынған ауыл тұрғындары.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика