Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Меладзе концертінде тәртіп бұзған әйелдер жазаланды • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Алматыда Меладзе концертінде тәртіп бұзған әйелдер жазаланды • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы •

    Украина мен Ресей өкілдері Түркияда жүзбе-жүз кездеседі

    Украина мен Ресей өкілдері 28 наурыз бен 30 наурыз аралығында Түркияда жүзбе-жүз кездеседі. Бұл ақпаратты Киев өкілі Давид Арахамия таратты, Мәскеу өкілі Владимир Мединский де растады.

    Екі тарап Түркияда кездесуге кеше уағдаласқан. Бұл туралы Азаттық жазды.

    Түркия президенті Реджеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзді Стамбулда өткізуге мақұлдасқаны кейіннен белгілі болды. Мұны түрік президентінің кеңсесі хабарлады. «Әңгіме кезінде президент Ердоған жанжалды тоқтатып, Ресей мен Украина арасында тезірек бітім жасау керектігін айтты»,- дейді Анкара мәлімдемесінде.

    Украина мен Ресей өкілдері алғаш рет Беларусь жерінде жүзбе-жүз кездескен. Онан кейінгі кездесулерде де екі жақ мәмілеге келе алмаған.

    24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресей әскері Украинаға басып кірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →