Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты •

    Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай салтанатты кеш өтті

    Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай салтанатты кеш өтті

    Абай атындағы опера және балет театры төрінде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына арналған салтанатты кеші өтіп, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер майталмандарының басын қосты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Кеш шымылдығы ақынның жүрекке әсерлі өлеңдерін оқумен ашылып, көрермен назарына Олжас Сүлейменовтің өз дауысымен оқылған архивтік бейнежазбасы ұсынылды.

    Кеш барысында мерейтой иесіне Қазақстан және шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, мәдениет пен әдебиет өкілдерінен арнайы құттықтаулар жолданып, ақынның ел руханиятына сіңірген елеулі еңбегі кеңінен аталып өтті.

    Салтанатты кеште танымал өнер жұлдыздары ән шырқап, ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Мерейтойлық кеш барысында Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы, азаматтық ұстанымы мен қоғамдық қызметі кеңінен дәріптелді.

    Сонымен қатар, бүгін Олжас Сүлейменовке Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы атынан құттықтау хат табыстады.

    Олжас Сүлейменов – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Оның шығармалары ұлттық руханияттың алтын қорына еніп, бірнеше буын оқырманның рухани тәрбиесіне ықпал етті. Ақынның қоғамдық және халықаралық деңгейдегі қызметі де ел тарихында айрықша орын алады.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →