Коллаж: Qazaqtoday.info
Алғашқы әйелі Мөлдір Мұқановаға қайта барды деген танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әрекеті шындыққа айналмады. Оның екінші әйелі Айман Талғатқызы көпшіліктің алдына қайта шықты. Шулы тоқал әлеуметтік желідегі парақшасының не себепті біраз уақыт белсенді болмағанын түсіндірді, деп жазады Qazaqtoday.info.
Айман Талғатқызы Instagram парақшасының бұғатталғанын айтып, осы уақыт аралығында отбасына, бала-шағасына және демалысқа көбірек көңіл бөлгенін жеткізді. Оның сөзінше, әлеуметтік желіден уақытша алыстау өзіне рухани тыныштық сыйлаған.
— 10 шақты күн бойы инстаграмсыз жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт арнадық. Отбасымызбен демалып, рухани азық алдық. Инстаның болмағаны да жанға тыныштық сыйлайды екен, – деп жазды ол.
Сондай-ақ Айман Талғатқызы парақшасын ешкім бұғаттамағанын, керісінше Instagram-ның өзі блоктағанын ескертті. Ал желіде Айман Талғатқызының Instagram-нан парақшасы жоқ болып кеткенге қатысты түрлі қауесет тарап кетті.
