Мәжіліс депутаты Даулет Мукаев әлеуметтік желіде тараған, оның парламенттік символикасы бар папкамен әйелін туған күнімен құттықтаған видеосына қатысты пікір білдірді. Депутат бұл әрекетінде ешқандай теріс мән көрмейтінін айтты.
“Бұл – құрмет”.
Мукаевтың айтуынша, мұндай қадам әйелдерге деген құрметті көрсету мақсатынан туған.
– Негізгі ой – барды бағалау, өмірде адамдарды құрметтеу. Қазіргі қоғамда әйелдерге қатысты әртүрлі зорлық-зомбылық жағдайлары кездесіп жатады. Сол себепті ер адамдардың әйелдерге деген сый-құрметін ашық көрсету идеясы болды, – деді ол.
Сондай-ақ депутаттан парламенттік атрибутиканы жеке отбасылық құттықтауда қолдану қаншалықты дұрыс екені туралы сұралды. Мукаев бұл әрекетті көпшілік қолдағанын атап өтті.
