Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ШҚО-дағы шахтада жұмысшы қаза тапты

    ШҚО-дағы шахтада жұмысшы қаза тапты

    Фото: Pixabay

    Шығыс Қазақстан облысында «Востокцветмет» ЖШС-ге қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болып, жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары кезінде болған.

    Шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, көз жұмды, — деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

    Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі, — деп мәлімдеді «Востокцветмет» ЖШС өкілдері.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →